Меню KDT

«Құрық ауылының №1 орта мектебі»

«Құрық ауылының №1 орта мектебі» КММ –де 31 мамыр – саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу  күніне байланысты 9-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


Бұған 9-11 сынып оқушыларынан барлығы 57 оқушы қатысты. Сонымен қатар дөңгелек үстелге ардагер ұстаз Унайбекова Тамара  мен мектеп психологі Мамаева Маржан қатысты. Онда «Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-40 жылдардағы саяси ахуалы мен қазар зиялыларының көзқарастары» тақырыбында айтылды. Алихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Mағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды қазақтың  біртума дарындарының еңбектері ерекше айтылып өтті. Дөңгелек үстел соңында саяси қуғын –сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.




Комментариев нет
Просмотров: 910
Автор: kuanyish.nurbek
Сайт: b21.mangystau.agartu.kz
Добавлено: 05.04.2023 в 17:23