Меню KDT

МАРҒҰЛАН МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ КАРЛАГ МҰРАЖАЙЫНДА


            Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей оқушылары Қарағанды облысындағы Карлаг тарихи музейіне арнайы сапар жасап, сонау бір зұлматты жылдардың қасіретін көріп келген болатын. Карлаг - жазықсыз жаланың құрбаны болып, азапты жылдарды бастан өткерген тарихтағы ең бір ауыр кезең өшпес із қалдырған орын.
Өткенсіз бүгін жоқ, сондықтан тарихты ұмытпай, оны жаңғырту - жас ұрпаққа міндет. Балалар да қызығушылық танытып, біраз нәрсеге қанық болды. Әсіресе бал ауыз мүсіндер, құнды тарихи құжаттар ұмытылмастай әсер қалдырды. Міне, осылайша тарихын қастерлейтін Марғұлан жастары тарихи өлкенің қыр-сырына қанық болды.


Комментариев нет
Просмотров: 319
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.04.2023 в 11:28