Меню KDT

1-сыныпқа қабылдау

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталды!
         ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

 




1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы  арқылы және қағаз түрінде өз өтініштерін тапсыра алады.

Өткен жылғы қабылдауға жүргізген талдауға сәйкес, ата-аналардың 80%-ы электрондық портал арқылы өтініш берді.

Қажет құжаттар тізімі:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
  • 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.

 Өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.

«Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін алу алгоритмі:

  1. Ата-анаға электрондық қолтаңбаны алу қажет;
  2. Электрондық үкімет порталын ашу: https://egov.kz;
  3. Порталда egov.kz «БІЛІМ» бөліміне кіріңіз;
  4. «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімшесін басыңыз;
  5. «Білім беру ұйымдарына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы орта) құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдаңыз;
  6. «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
  7. Дербес ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке кіріңіз;
  8. Тізбеге сәйкес құжаттарды жүктеңіз:
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
  • 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
  1. Құжаттарды жүктегеннен кейін ЭЦҚ қызметіне қол қою;
  2. Құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны қарауға алу;
  3. Бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке оқуға қабылданғаны туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту жіберіледі;
  4. Оқуға қабылдау туралы бұйрық а.ж. 20 тамыздан кешіктірілмей жүргізіледі.

 


Комментариев нет
Просмотров: 562
Автор: b0126skobilim
Сайт: www.b0126.sko-bilim.kz
Добавлено: 12.04.2023 в 12:30