Меню KDT

"Төлеген Айбергеновке арналған “ Сағыныш” атты әдеби-сазды кеші өтті".


⚜️⚜️⚜️ Бүгін мектебімізде, азғантай ғұмырында артына өшпес із қалдырған қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергеновке арналған “ Сағыныш” атты әдеби-сазды кеші өтті.
Кештің қадірменді қонақтары, 
🔶Франция елінде тұратын Т.Айбергеновтың қызы Айнар Айбергенова;
🔶 Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерек Кәпұлы;
🔶 Ақын, ардагер ұстаз, Есіл ауданының аға биі Оспан қажы Сүлейменұлы;
🔶Т.Айбергеновтің мемориалдық музейінің негізін қалаушы автор Ерсайын Нарымбаев болды. 
🔷 Кеш барысында мектебіміздің оқушылары Төлеген Айбергеновтің жырларын жырлап, құрметті қонақтарымызға сұрақтарын қойды, мектебіміздің  әнұранына айналған Төлеген Айбергеновтің өлеңіне жазылған “Атамекен”
 әні шырқалды.
🔷Кеш соңында мектебіміздің басшысы Сауле Мыншалқызы сөз сөйлеп, қонақтарымыз, ұстаздарымыз және оқушыларымыз мектеп ауласына ағаш екті.
🔶Мерекелік іс-шарамыз өте жоғары деңгейде өтті !


Комментариев нет
Просмотров: 345
Автор: 16mektep
Сайт: www.16.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.04.2023 в 16:00