Меню KDT

Рухани жаңғыру


 
Бүгін "БЭСТ"гимназиясы" КММ-де "Туған өлке білгірлері"атты өлкетану танымдық ойыны өтті. Мақсаты - туған өлкенің тарихы мен табиғатын біліп тануға қызығушылықтарын ояту, сондай-ақ балалардың Солтүстік Қазақстан Облысы туралы білімдерін кеңейту. Байқаудың барлық сұрақтары мен тапсырмалары біздің туған өлкеміз - СҚО-мен байланысты болды.
Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: тарихи анықтама, "Жануарлар әлемінде", "СҚО өсімдіктер әлемінде", "Кім артық?", "Көрікті жерді біл"," Мақал бекер айтылмайды " және т.б.
Біздің кішкентай Отанымызға арналған бүгінгі ойын танымдық және қызықты болды. Балалар өздерін туған өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қатар, туған өлкенің нағыз білгірлері ретінде көрсетті.


Комментариев нет
Просмотров: 346
Автор: b1411skobilim
Сайт: www.b1411.sko-bilim.kz
Добавлено: 02.05.2023 в 10:43