Меню KDT

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН МУЗЕЙІ – ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫ


       2023 жылдың 24-28 сәуір аралығында мектебімізде Әлкей Хақанұлы Марғұланның туған күніне орай «Әлкей Марғұлан музейі – тәрбиенің қайнар бұлағы» атты мектеп музейінде 1-сынып оқушыларына экскурсия болып өтті. Бұл экскурсияны өткізудегі басты мақсат – мемориальдық музей арқылы жас ұрпақтың бойында академик Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылық қызметін насихаттап, рухани-ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Экскурсия барысында музей меңгерушісі Сауле Жұмабекқызы музей құндылығы мен ерекшеліктері, мұражай жұмысының негізгі бағыттары, «Әлкей Марғұлан ізімен» атты туристік-өлкетану экспедициясының жүргізілуімен таныстырып өтті. Сондай-ақ музейдің ашылу тарихы, жәдігерлерді жинақтау жұмыстары туралы да айтып өтті. Мектебіміздің оқушылары да қатысып, ғалым туралы оқыған, білген ақпараттарымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.


Комментариев нет
Просмотров: 343
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 11.05.2023 в 12:00