Меню KDT

КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

Бүгін 2023 жылдың 23 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Астана қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжімен кездесу болып өтті. Кездесуге мектебіміздің 2022 жылғы түлектері, қазіргі таңда М. Жұмабаев атындағы халықаралық колледжінің 1 курс студенттері келіп таныстыру жұмыстарын жүргізді.


       Кездесу барысында оқушыларға коллледждің ішкі бейнесін, оқу ақысы, білім сапасы, мамандықтардың ерекшеліктері және т.б пайдаға асарлық деректерді айтты. Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығын бөліскен түлектер өз оқып жатқан факультеттерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін де жасырған жоқ.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.
      


Комментариев нет
Просмотров: 285
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 31.05.2023 в 15:07