Меню KDT

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ - ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ

2023 жылдың 25 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасының Рәміздері - Ұлттық Мақтаныш" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Іс-шараға 5 - сынып оқушылары қатыстырылды. Іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру, рәміздердің маңыздылығын ұғындыру. Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу ретінде дөңгелек үстел арқылы олардың көзқарастары мен ойларын біле алдық.


Комментариев нет
Просмотров: 293
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 31.05.2023 в 15:20