Меню KDT

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІ

2023 жылдың 30 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде, Астана қаласы Полиция Департаментінің Ювеннальды Полиция бөлімімен бірге ұйымдастырылған "Бақытты балалық шақ" атты футбол сайысы болып өтті.


Сайысқа 9 команда қатысып, жеңімпаз командамен 11 сынып түлектерімен жолдастық кездесу өткізілді. Іс-шара мақсаты жасөспірімдерді спортқа тәрбиелеу, заң бұзушылықты болдырмау, саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ойын достықтың нышанын сипаттап, тамаша көңіл-күй сыйлады. Жеңімпаздарды марапаттауға ЮПБ аға лейтенанты Төлгенұлы Ернұр Мусабеков мырза қатысты. Тартысты өткен жарыста жүлделі І орынды 8 «Ж», 9 «Ә» сыныбынан құралған Орда командасы, ІІ орынды 8 «Б», «10 Б» сыныбынан құралған Toma-toma командасы, ІІІ орынды 8 «В», 8 «Д» сыныбынан құралған Star командасы иеленді.


Комментариев нет
Просмотров: 328
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.06.2023 в 11:16