Меню KDT

#Balademalys2023# Лагерьде денсаулық күні өтті.

Ағымдағы жылдың 9 маусым күні "Лавровка ОМ" КММ жанындағы "Достық" жазғы сауықтыру лагерінде тәрбиешілердің басшылығымен Денсаулық күні аталып өтті. Бүгінгі күн – денсаулық пен салауатты өмір салтына арналды. Бұл күні мектеп жанындағы лагерь тәрбиешісі Л.В. Гомилко балалармен "Денсаулықты сатып алмайсың" викториналық ойынын өткізді. Ол балаларға салауатты өмір салтының спорт және дұрыс тамақтану сияқты маңызды компоненттерін еске салып, өз бойында қандай пайдалы әдеттерді дамыту, қалай дұрыс тамақтану керектігін және қалай денемізді қалай шымырландыру керектігін айтты. Лагерь тәрбиеленушілері медбике А.Д.Туякованың "Мен денсаулығымды сақтаймын, өзіме көмектесемін" атты әңгімесін тыңдады. Балалар қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешті, гигиена дегеніміз не және олар қандай спорт түрлерімен айналысатынын айтты.
 


                                                                                                                                            
                                                                                    
     


Комментариев нет
Просмотров: 378
Автор: b0121skobilim
Сайт: www.b0121.sko-bilim.kz
Добавлено: 09.06.2023 в 18:50