Меню KDT

БЕЙІМДЕЛУ АПТАСЫ

Астана қаласының білім беру ұйымдарында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау үшін арнайы "Бейімделу аптасы" басталды.


Осыған орай 2023 жылдың 24 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 5 сыныпқа қадам басып жатқан оқушылар үшін бейімделу аптасының бірінші күні өтті. Апталық аясында шәкірттеріміздің бір-бірімен жақынырақ танысуы үшін түрлі ойындар, психологиялық тренингтер мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Жаңа пән мұғалімдерімен танысу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек мектептің ережесі мен құндылықтары жайлы айтылып, оқушыларға кітаптары таратылды. Балалардың жаңа ортаға бейімделуі қысқа уақытта өтеді деген сенімдеміз. Бейімделу күндері оқушылар бастауыш сыныптарымен қоштасып, жоғары сыныпқа қадам басты. Соңында жақсы көңіл күй үшін флешмоб биін биледі.


Комментариев нет
Просмотров: 302
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 24.08.2023 в 10:12