Меню KDT

10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ

Ұлы ағартушы, ақын, қоғам қайраткері 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келді.


Қазақ классикалық әдебиетінің негізін салушы 170-ке жуық өлең, 56 аударма және 45 қара сөз жазды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ интеллигенциясына Абайдың ықпалы зор болды. Алаш-Орда қозғалысының жетекшілері оны қазақ елінің жаңғыруының рухани көсемі ретінде қабылдаса, Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын орыс оқырмандарына тұңғыш таныс¬тырған Әлихан Бөкейхан еді.
Абай есімі – ұлт санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі оқушылары Абай Құнанбайұлының туған күніне орай мәнерлеп оқыған өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.


Комментариев нет
Просмотров: 273
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.08.2023 в 10:39