Меню KDT

«Мақал –сөздің мәйегі» сайысы өтті.


Астана қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-де Тілдер мерекесі аясында Тәрбие бөлімінің жетекшілігімен Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында қалалық «Мақал –сөздің мәйегі» сайысы өтті. Сайысқа серіктес мектептерден құралған«Эрудит» тобы №38 мектеп-лицейден, «Жалын» тобы № 43 қосымша білім беру мектеп орталығынан және №64мектеп-лицей оқушыларынан құралған «Жүйріктер» тобы қатысты.
Сайыс бес кезеңнен құралды:
1. «Мақал-мәтелдер – халық даналығы» капитандар сайысы.
2. «Жалғасын тап»
3. «Знатоки пословиц Мира»
4. Своя игра
4. «Mystery box»
Сайыс кезеңдерден үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар марапатталды.
І орын «Жалын» тобы № 43 қосымша білім беру мектеп орталығы;
ІІ орын«Эрудит» тобы №38 мектеп-лицей;
ІІІ орын «Жүйріктер» тобы жеңіп алды.
Мектеп-лицей директоры К.Муканов жеңімпаз топтарға ақын, жазушы Әкім Ысқақтың «Адам өмір дәптері» кітабын сыйға тартып, сайысқа қатысып, жеңіске жеткен ойыншыларды құттықтап, оқуда озат болуларын тіледі.


Комментариев нет
Просмотров: 74
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 14.09.2023 в 22:11