Меню KDT

ҰЛТЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ЕР-АҒА ЕСІМІ АРДАҚТАЛҒАН КҮН

Бүгін, 2023 жылдың 5 қыркүйек күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде тілдер мерекесіне орай 2005-2018 жылдары мектебіміздің басшысы болған тіл жанашыры, жүрегі Алаш деп соққан қадірлі ұстаз марқұм Іргебай Ербол Ісләмұлының атына арналып дәрісхана ашылды.


Ашылу салтанатына жазушы, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру департаменті төрағасының орынбасары Жекебаев Дулат Шәйкенұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер, қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының басшысы Батыр Әлиұлы, Астана қаласы бойынша әдістемелік орталық әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтелеуқызы, Ербол Ісләмұлының үзеңгілес достары, ардагер ұстаздар Жұмағазы Әзенұлы, Гамиль Магажирұлы, шәкірттері ғылым докторы Берікхан Иісбекұлы, ақын Бекмұрат Өмірбекұлы және марқұмның жары Қымбат Мұқанқызы мен балалары, туыстары қатысты. Дәрісхана Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхамедханов сынды ұлы тұлғалардың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткен Ербол Ісләмұлының ұстаздық еткен жылдарындағы еңбектерімен толықты. Дәрісхананың ашылу салтанатын белгілі жазушы Тұрсын Жұртбай мен мектеп директоры Үйсімбаева Сәуле Амангелдіқызы жүргізді.
Келушілерге есігін айқара ашқан жаңа дәрісхана бұдан былай өскелең ұрпақтың ұлтжанды азамат боп қалыптасуына өзіндік септігін тигізбек. Яғни рухани тұрғыдан білім іздеп келген әр бала үшін құнды-құнды кітаптар, мазмұны бай ақпараттар қоры жинақталған бұл дәрісханада алдағы күндері талай тағылымы мол, берері зор шаралар өтпек.


Комментариев нет
Просмотров: 289
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.09.2023 в 11:05