ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
2023 жылдың 14 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Отбасы күніне орай "Отан – отбасынан басталады" тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты - өнегелі құндылықтарды кеңінен насихаттау, отбасының жағымды имиджін қалыптастыру. Нәтижесінде байқау тақырыбына сай келген жұмыстар мектеп дәлізіне көрме ретінде қойылды.





Комментариев нет
Просмотров: 244