Меню KDT

Тілім-менің асыл қазына


Тайынша қаласының №3 орта мектебінде 12 қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай «Тілім-менің асыл қазынам» атты тақырыпта 5«б» сыныбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Сыныптан тыс іс-шара 4 кезеңнен тұрды.Оқушылар қойылған сұрақтарға берілген минут ішінде тез жауап беруі тиіс болды.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай берілді.Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылардың мемлекеттік тілді қадір тұтатынын көрдік. Сайыс соңында 5«б» 1 тобы жеңіске жетті.


Комментариев нет
Просмотров: 246
Автор: b1027skobilim
Сайт: www.b1027.sko-bilim.kz
Добавлено: 12.09.2023 в 22:29