Меню KDT

Ағымдағы жылдағы 26 қыркүйекте Мағжан Жұмабаев, Тимирязев, Аққайың аудандары мектептерінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін мектепішілік бақылауды жоспарлау және сүйемелдеу ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында облыстық ӘЖжАТО орталығы ұйымдастырған екінші онлайн-семинар өтті.


♦️Ағымдағы жылдағы 26 қыркүйекте Мағжан Жұмабаев, Тимирязев, Аққайың аудандары мектептерінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін мектепішілік бақылауды жоспарлау және сүйемелдеу ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында облыстық ӘЖжАТО орталығы ұйымдастырған екінші онлайн-семинар өтті. Семинарға 82 адам қатысты.
Кездесу әр мектепте бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған. МІБ бойынша Республикалық жұмыс тобының жетекшісі Б.М. Ғабдуллина басқару шешімдері матрицасының, сондай-ақ әрбір бөлім бойынша жоспарлардың мазмұнының ерекшеліктерін ашып, Нұсқаулықпен таныстырды. Бақылау функцияларына, кедергілерді еңсеру тәсілдеріне, жоспарлаудың тиімділігіне ерекше назар аударылды. «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей « КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. И. Ярышева кездесуге қатысушылармен кейстерді шешу әдісі арқылы объектілерді, тәуекелдерді, бақылау мақсаттары мен басқару шешімдерін анықтау процесін талқылай отырып, мектепішілік бақылауды жоспарлау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараның мазмұнымен жазбада танысуға болады https://www.youtube.com/watch?v=mS3cz2Jeftw


Комментариев нет
Просмотров: 104
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 26.09.2023 в 17:59