Меню KDT

«Ар-ождан және қауіпсіздік»

 «Ар-ождан және қауіпсіздік»


     4 қыркүйек  – Талғат Бигелдинов атындағы мектеп-лицейде  1-ші оқу күні «Ар-ождан және қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттарынан басталды. Педагогтар мен оқушылар дәстүрлі түрде әр дүйсенбіде бірінші сабақты ҚР Әнұранын орындаудан бастайды.
 Сынып сағаттарының мақсаты-сезімталдық, ар-ождан, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілік, басқа пікірлерге төзімділік сезімін тәрбиелеу. Ар-ожданның әдептік тұжырымдамасын қалыптастыру негізінде оқушылардың өзін-өзі бағалауын және олардың күнделікті мінез-құлқындағы өзін-өзі бақылауды ынталандыру.
1-ші оқу күнінің үлкен үзілісінде Мектеп радиосы алғаш рет жұмысын бастады.
Мектеп директоры Махаббат Давлеталиеваның мектеп радиосын құру деген  бастамасы,оқушыларымыздың қатарынан  қолдау тапты. Мектеп радиосының жұмысына біздің мектептің оқушылары көмектеседі, атап айтқанда: репортаждардың дауыстары, яғни дикторлар: Ахмиева Ильдана 8Д сынып, Ермуманова Аружан 10Г сынып, Шожат Арман 8Д сынып, Қанат Батырхан 9В сынып.
      Біздің репортаждарымыздың шығарушы редакторлары: Кабдолова Айнур 10Д сынып және  Капарова Самира 10Г сынып.
Музыкалық  редакторлар: Нурсултанов Мансур 10Б сынып және Аблаева Амира 10Г сынып. 
Сондай-ақ корреспонденттер: Турсынбекова Зере 8Б сынып және Эльхами Ариана 8Д сынып.
Мектеп радиосы оқушыларының командасы мектеп күндерін көркейту үшін жиналды! Мектеп радиосының командасы сізді мектепте болып жатқан оқиғалар туралы әрдайым хабардар етеді, қызықты және ерекше ақпарат береді, сонымен қатар оқушылардың барлық сұрақтарына жауап береді.






Комментариев нет
Просмотров: 81
Автор: 1mektep
Сайт: www.1.astana-bilim.kz
Добавлено: 27.09.2023 в 00:10