Меню KDT

“Ұлыстың ұлы ұстазы”

“Ұлыстың ұлы ұстазы”


“Ұлыстың ұлы ұстазы”

 Алаш ұстазы А. Байтұрсынұлының туған күніне орай Астана қаласы Т. Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде “Ұлыстың ұлы ұстазы” тақырыбында 8 сынып оқушыларымен  Б.Ж. Исина мен Д.Ж. Асқарова танымдық сағатын өткізді.

Іс –шараның мақсаты оқушыларды ақын, қоғам қайраткері А Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылық жолы мен ағартушылық қызметі туралы ақпаратпен таныстыру, тіл, білім саласындағы еңбектерін насихаттау.

Танымдық сағатта оқушылар Алаш ұстазының өмірі мен шығармашылығынан құнды ақпараттар алып, өз білгендерімен бөлісті. Сондай-ақ ақынның шығармаларынан оқушылармен қатар жас маман К.Б. Жұмаханова үзінді оқып, мерекелік іс-шара Е.Хасанғалиевтің “Атамекен” әнімен өз мәресіне жетті.




Комментариев нет
Просмотров: 72
Автор: 1mektep
Сайт: www.1.astana-bilim.kz
Добавлено: 27.09.2023 в 00:15