Меню KDT

"Позитивті ата-ана: тыңдау, есту, тыңдалу"


2023 жылғы 17 қазанда ата-аналар мен 6-7 сынып балаларының қатысуымен "Позитивті ата-ана: тыңдау, есту, тыңдалу" тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты ата-аналардың тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық құзыреттілігін арттыру және балалармен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Ата - аналар "Позитивті ата-ана" терминімен танысып, позитивті ата-ананың негізгі идеясы - баланың жеке басын, оның қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін терең түсінуге және жақсы көруге негізделген тәрбие екенін білді. Тренингте ата-аналар мен оқушылардың бір-бірінің эмоционалды әлемін түсіну қабілетін арттыруға ықпал ететін әртүрлі психологиялық әдістер мен амал-тәсілдер қолданылды.


Комментариев нет
Просмотров: 501
Автор: b147skobilim
Сайт: school7.edu.kz
Добавлено: 18.10.2023 в 14:29