Меню KDT

«Қыран елім – Қазақстан»

«Қыран елім – Қазақстан»


       Мектеп-лицейімізде Республика күні мерекесіне орай «Қыран елім – Қазақстан» атты мерекелік концерт өтті. Іс -шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Концерт Қазақстан Республикасының  әнұранының орындалуымен басталды. Мектеп-лицейінің директоры М.Д.Рысмұхамбетова құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Махаббат Давлеталиевна Республика күні – бірлігіміздің басты байлығы екенін атап өтті! Оқушылар және ұстаздар қауымына амандық пен береке тіледі. Концерттік бағдарлама басталмас бұрын оқуда және мектептің қоғамдық өмірінде ұйымшылдығымен, үлкен жетістіктерімен ерекшеленген №1 мектеп-лицейінің белсенді оқушыларын марапаттау рәсімі өтті.
               Марапаттау рәсімінен соң «Grand» би ансамблі, домбырашылар ансамблі, «Веселые нотки» вокалды тобы, оқытушылар хоры және жас барабаншылар шығармашылық топтардың қатысуымен концерт өтті. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көркем Болатқызымен бірге оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, Шалқар Қабылбекұлы «Елім менің» әнін орындады.
















Комментариев нет
Просмотров: 185
Автор: 1mektep
Сайт: www.1.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.10.2023 в 17:41