Меню KDT

Бүгін, 2 қараша күні мектебімізде №2 әдістемелік кеңес өтті.


Бүгін, 2 қараша күні мектебімізде №2 әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңесте ынтымақтастық ахуалды қалыптастыру мақсатында мектеп психологы А.М.Азбергенова «Біздің қолымыздан бәрі келеді» тренингін өткізді. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т. Баймуканова " Оқу үдерісінде басшылыққа алынатын құқықтық-нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістерге" тоқталып өтті. «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім» тақырыбында білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша баяндама жасады.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Алгожин «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспарына» тоқталды. Сонымен қатар, пән мұғалімдері С.А.Кажикенова мен Г.А.Мурзахметова "Мектеп мұғалімдерін зерттеу тәсілдерімен айналысуға тарту" тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.


Комментариев нет
Просмотров: 232
Автор: b0127skobilim
Сайт: www.b0127.sko-bilim.kz
Добавлено: 06.11.2023 в 09:24