Меню KDT

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында "Барлығына қолжетімді сапалы білім беру" Ұлттық баяндамасының мазмұнын талқылау бойынша вебинар өтті.


📌Ағымдағы жылдың 8 қарашасында "Барлығына қолжетімді сапалы білім беру" Ұлттық баяндамасының мазмұнын талқылау бойынша вебинар өтті.
🖌️ Вебинарға мектепке дейінгі ұйымдардың 100-ден астам педагогтері қатысты: облыстық "Шырақ" қауымдастығының мүшелері, педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен әдіскерлері, СҚО "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша сарапшылар, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, ББ мамандары.
🔖Талқылау барысында осы жобаның міндеттерімен танысты: тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, педагог мәртебесін көтеру, тәрбие тәсілдерін өзгерту, ата-аналардың қатысуын күшейту, бағалау жүйесін трансформациялау.
🖌️Қатысушылар аталмыш жобаның уақтылығы мен өзектілігін атап өтті. Соңғы бірнеше жылда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында үлкен жұмыс жүргізілуде. Балаларды тәрбиелеу мен дамытудың жаңа тәсілдері енгізілуде.


Комментариев нет
Просмотров: 807
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 08.11.2023 в 16:46