Қарашаның 8-і күні «Ауылға кітап» жобасы негізінде Данияр Жігітбектің бастамасымен @kitapal.kz дүкенінен мектебіміздің кітапханасына тегін 50 кітап сыйға тартылды.
Қарашаның 8-і күні «Ауылға кітап» жобасы негізінде Данияр Жігітбектің бастамасымен @kitapal.kz дүкенінен мектебіміздің кітапханасына тегін 50 кітап сыйға тартылды. Жобаның мақсаты: ауыл мектептеріне қазақ тіліндегі заманауи кітаптарды жеткізу, мұқабасы тартымды, мазмұны ауқымды кітаптар арқылы ауыл жастарын кітап оқуға баулу. Мектебімізге 50 кітапты Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің 3 курс студенттері - Гүлзат Қалым, Ботабай Адай және Хамет Мархаббат келіп табыстады.Данияр Жігітбек мырзаға мектебіміздің атынан алғыс айтамыз! Қазақстанымыз кітап оқитын елге айналады деген сенімдеміз!
Комментариев нет
Просмотров: 282