Меню KDT

023 жылдың 9 қарашасында «№12 орта мектеп» КММ-де «Мектеп және отбасы одағы» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.


2023 жылдың 9 қарашасында «№12 орта мектеп» КММ-де «Мектеп және отбасы одағы» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде отбасы мен мектеп арасындағы білім беру серіктестігін дамытудың маңызды мәселелері қаралды.

     Кездесу барысында ата-аналар оқушылардың үлгерім нәтижелерімен және олардың жетістіктерімен танысты. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тәрбиелік іс-шараларға тоқталып, ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жұмысының маңыздылығы да ескертілді.

             Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелері бойынша ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында баланың құқықтарын қорғаудың негізгі заңнамалық актілері аталды. Мектеп психологы ата-аналар арасында мектептің профилактикалық жұмысына қатысуға оң мотивацияны қалыптастыру бойынша ұсыныстар берді. 













Теги:  #Біртұтас_тәрбие, #Зұлымдықпензорлықсызбалалықшақ

Комментариев нет
Просмотров: 247
Автор: b1412skobilim
Сайт: www.b1412.sko-bilim.kz
Добавлено: 10.11.2023 в 11:54