«Түрлі-түсті көңіл-күй»
«Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де жоғары топ балаларымен
«Түрлі-түсті көңіл-күй» сабақ өтті.
Мақсаты: Балалардың эмоционалдық саласын дамыту және байыту.
Тапсырмалар:
1) Эмоцияларды тануға және олар туралы айтуға үйрету;
2) Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;
3) Құрдастарымен және үлкендермен эмпатияға үйрету;
Сабақ барысында балалар «Жылан» жаттығуын орындап, көңіл-күйдің өзіндік бояуы болатынын білді. Содан кейін олар сиқырлы мысықтарға түсі мен көңіл-күйін таңдауға көмектесуге тырысты, қай мысыққа мейірімділік пен қамқорлық көбірек қажет екендігі туралы өз пікірлерімен бөлісті, содан кейін оны безендірілген алақанмен сипады.
Комментариев нет
Просмотров: 243