«Жақсылық пен жамандық. Таңдау еркіндігі»
« Жақсылық пен жамандық. Таңдау еркіндігі»
«Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бастауыш сынып оқушыларымен «Жақсылық пен жамандық» Таңдау еркіндігі»атты агрессивті мінез-құлықтың алдын алу сабағы өткізілді.
Мақсаты: Агрессивті мінез-құлықтың алдын алу.
Балалардың жақсылық пен жамандық туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: Әркімге жақсылық немесе жамандық жасауға таңдау еркіндігі берілгенін түсіндіру:
Мақал-мәтелдер мен күрделі сөздер арқылы балалардың белсенді сөздік қорын молайту.
Балалардың бойына:өзара көмек, достық, қарсыластарын сыйлау жағымды қасиеттерді тәрбиелеу.Сабақ барысында балалар ертегілердің жағымды және жағымсыз кейіпкерлерін еске түсірді, «жақсы» және «жаман» ұғымдарына анықтама берді, жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдерді жинақтап, түсіндірді. Ал сергіту сәті ретінде жігіттер көңілді «Арам-зәм-зәм» биін биледі.
Комментариев нет
Просмотров: 232