Кеше, мектебіміздің 7-11 сыныптары үшін ырыс пен молшылық айы патшасы"Алтын күз" мерекесіне орай жоспарға сай "Күзгі балл" кеші өтті.
Кеше, мектебіміздің 7-11 сыныптары үшін ырыс пен молшылық айы патшасы"Алтын күз" мерекесіне орай жоспарға сай "Күзгі балл" кеші өтті. Аға тәлімгер А. Касымова мен мектеп парламенті ұйымдастырған кеш өте қызықты болды. Күз айы бейнесін сахналық көрініс арқылы көрсеткен оқушылар көрермендер қошеметіне бөленді. Келесі кезекте пародия арқылы өнер жұлдыздарының образын бейнелеген көріністер керемет әсер қалдырды. Әділ қазылар қатысушыларымызды арнайы номинациялармен марапаттады. Әсерлі мереке оқушылардың би кешіне ұласты.
Комментариев нет
Просмотров: 309