Меню KDT

23 қараша күні Астана қаласындағы №73 мектеп-лицейінің әкімшілігі, Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитетінің төрайымы мектеп жанындағы құрылыс жұмыстарының өкілдерімен кездесті.


23 қараша күні Астана қаласындағы №73 мектеп-лицейінің әкімшілігі, Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитетінің төрайымы мектеп жанындағы құрылыс жұмыстарының өкілдерімен кездесті. Бұған дейінде Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігіне, Астана қаласының Полиция департаменті хаттар жолданған болатын. Ірі көлемдегі жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары балалардың өміріне қауіп төндіріп тұр. Құрылысшылар тарапынан қауіпсіздік сақталмайды.Осыған орай шұғыл түрде кездесу ұйымдастырылды. Астана қаласы Мәслихатының төрайымы М.Б.Ажикенова, Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратының өкілдері, LRT құрылысының өкілдері мен SENSATA GROUP өкілдерімен мектеп әкімшілігі кездесіп, төмендегідей шешім қабылданды. 2023 жылдың 27 қарашасына дейін жаяу жүргінші жолына бөгет болып тұрған қоршауларды кеңейту. Жолды жарықтандыру шараларын жасау. Алматы ауданы әкімінің аппараты істі бақылауында ұстайтындығын жеткізді. Мектеп тарапынан бұл іс қатаң бақылауда болады.
@akimat__astana
@bilimastana
@sensata.kz


Комментариев нет
Просмотров: 85
Автор: 73mektep
Сайт: www.73.astana-bilim.kz
Добавлено: 24.11.2023 в 10:34