Меню KDT

“Ата-ана тәрбиесі- бала мінезінің іргетасы“ тренинг-сабақ.


Бастауыш сынып онкүндігі аясында мектебіміздің ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы алаңында 3 А,Б,Д сынып ата-аналарымен “Ата-ана тәрбиесі- бала мінезінің іргетасы“ атты тренинг-сабақ өткізілді. М. Жұмабаев айтқандай: ”Бала тәрбиесі - өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейітін өнер” демекші тренинг сабақ қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мектеп мұғалімдері мен ата-ана тәрбиесінің арқасында қарым-қатынас орнату мақсаты көзделді. Әр сыныптан бес ата-ана қатысып ортаға өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Бірлік, отбасы құндылықтары, өз баласының тұлғасын бейнелеу, бала тәрбиесіне қатысты постер қорғау, өз тілектерін айтып бөлісті. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 107
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 23.11.2023 в 17:31