Меню KDT

«Ғажайып әлем» суреттер байқауы.


Мектебімізде, “Ұлағатты Ұрпақ” жобасы аясында 1- сынып оқушылары арасында «Ғажайып әлем» суреттер байқауы өткізілді. Әр сыныптан оқушылар қатысып, өздерінің тақырыпқа байланысты суреттерімен таныстырып, баяндап берді. Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру, сондай – ақ , өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу болып саналады.  Оқушылар бұл байқауда өздерін жаңа шығармашыл қырынан көрсете білді. Бұл байқауда 1 “Г “сынып оқушысы Әбікен Аяулым бас жүлде иегері атанды. Қалған қатысушылар жүлдері орындар мен номинацияларға ие болды. Құттықтаймыз!!! ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 86
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 23.11.2023 в 17:34