Меню KDT

9 қаңтарда №2 ОМГ базасында "Жас Сарбаз"әскери-патриоттық қозғалысының оқушылары арасында әскери-спорттық көпсайыс бойынша спартакиада өтті


9 қаңтарда №2 ОМГ базасында "Жас Сарбаз"әскери-патриоттық қозғалысының оқушылары арасында әскери-спорттық көпсайыс бойынша спартакиада өтті. "Жас Сарбаз" клубы жұмысының мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдерді, адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті, патриотизмді, рухани-адамгершілік дамуды және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дәріптеу болып табылады. Спартакиадаға 8-9 сынып оқушылары қатысты - Фурсова Дарья, Райковская Кристина, Исенов Дияр, Спасский Дмитрий. Спартакиада қорытындысы бойынша біздің оқушылар келесі жүлделі орындарға ие болды: "Берри" номинациясында 1 орын, "Плащ түрінде жалпы әскери қорғаныс костюмін кию" номинациясында 1 орын, "Денені көтеру" номинациясында қыздар арасында 1 орын, "Газтұтқыш кию" номинациясында 2 орын, "Тартылу" номинациясында 3 орын. Қатысушы командалар арасында біздің мектеп жалпыкомандалық 1 орынға ие болды. Барлық қатысушыларды және АӘТД мұғалімі А.П.Сидоровты құттықтаймыз.



Комментариев нет
Просмотров: 509
Автор: b0128skobilim
Сайт: www.b0128.sko-bilim.kz
Добавлено: 12.01.2024 в 15:19