Меню KDT

Қаңтар айының 16-сы күні Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысы подполковник Ракишев Арман Курмангалиевич пен бөлім инспекторы Кенжебулатова Кулькаш Тулетаевна 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, әскери қызмет туралы үгіт насихат жұмысын жүргізді.

 Арман Курмангалиевич еліміздегі әскери оқу орындары мен әскери мамандықтар жайлы ақпарат беріп, оқуға түсу талаптарын түсіндірді. Алғашқы әскери пәні жетекшісі Садыков Ж. Қ ұйымдастырған кездесуде оқушылар әскери мамандыққа байланысты сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.


#біртұтастәрбие
#саумалкөлқом                                                                                                                      


Комментариев нет
Просмотров: 347
Автор: b0127skobilim
Сайт: www.b0127.sko-bilim.kz
Добавлено: 17.01.2024 в 10:51