Меню KDT

15 ақпан Ауғанстан әскерлері шығарылған күн


15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Ауған соғысы біздің халқымызға қасірет әкелді. Алыс Ауғанстанда кеңестік интернационалист-жауынгерлер батылдық, табандылық көрсетті. 13 ақпанда Тайынша аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Б. С. Өтелбаева АӘ және ТҚ оқытушысы А. А. Өмірзақпен бірлесіп жоғары сынып оқушылары үшін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 35 жылдығына арналған "Шынайы естеліктер" атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге интернационалист жауынгер Алексей Николаевич Рудь шақырылды. Батыр сол жылдардағы оқиғалар туралы әңгімелеп берді. Балалар әңгімені қызығушылықпен тыңдады. Сұрақтарына жауап алды.


Комментариев нет
Просмотров: 300
Автор: b1027skobilim
Сайт: www.b1027.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.02.2024 в 12:05