Меню KDT

Қалалық дебат турнирі.


         Пікірсайыстың оқушыларға берері мол. Оқушыларды түрлі тақырыпты талқылауда  сын көзбен қарап, өзіндік баға беруге, өзін-өзі  дамытуға, адамдармен еркін қарым-қатынас орнатып қоғам өміріне белсенді араласуға  тартады. Астана қаласындағы  №38 мектеп-лицейінде  қалалық дебат турнирі болып өтті.  Турнирге 24 фракция қатысты. Турнирде түрлі ауқымды тақырыптар талқыланды. Турнир нәтижесі бойынша Біздің  №64 мектеп-лицейдің   8 сынып оқушылары Болат Жадыра мен Айдосқызы Айша Алғыс хатқа ие болды. Бұл ойын пікірталасты  жетілдіруге үлкен  тәжірибе   болды.  Алдағы турнирде алар асуларыңыз мол болсын, жас пікірсайысшылар!


Комментариев нет
Просмотров: 56
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 02.02.2024 в 17:10