Меню KDT

Ақпанның 26-29 аралығында Петропавл қаласында «Ақшақар» оқушылар спартакиадасы аясында шаңғы бойынша жарысы өтті.

Ақпанның 26-29 аралығында Петропавл қаласында «Ақшақар»  оқушылар спартакиадасы аясында шаңғы бойынша жарысы өтті. Жарыс үш күн әр түрлі қашықтықта өтті. 


Ақпанның 26-29 аралығында Петропавл қаласында «Ақшақар»  оқушылар спартакиадасы аясында шаңғы бойынша жарысы өтті. Жарыс үш күн әр түрлі қашықтықта өтті. Бірінші күні жарыс классикалық стильде, екінші күні – еркін стильде, үшінші, соңғы күні әйелдер мен ерлер эстафетасы өтті. Бірінші күннің жүлдегерлері: Имантау орта мектебінің оқушылары Ушакова Кристина және Турлыбеков Даян 1 орынды иеленді, №2 Саумалкөл мектеп гимназияның оқушысы Крухмалёв Максим 3 орынға ие болды. Екінші күні: Ушакова Кристина 1 орын, Крухмалёв Максим және Турлыбеков Даян 3 орынға ие болды. Үшінші күн ең қарқынды болды, өйткені эстафета өтті, ал команданың жетістігі барлық қатысушыларға байланысты. Нәтижесінде қыздар командасы: Ушакова Кристина, Мусиенко Дарина, Харламова Венера, Жусупова Диана 4 орынға ие болды, жас жігіттер командасы: Крухмалёв Максим, Рахимжанов Жанбатыр, Турлыбеков Даян, Кострулин Артём осы формада чемпион атанды. Жалпы командалық нәтижесінде Айыртау ауданының шаңғышылары бірінші орынды иеленді


Комментариев нет
Просмотров: 112
Автор: aiyrtau_skobilim
Сайт: aiyrtau.sko-bilim.agartu.kz
Добавлено: 04.03.2024 в 11:18