Меню KDT

“Наурыз ырыс,құт-береке бастауы” атты сынып сағаты

Наурыз мейрамы қарсаңында 3”А” сыныпта “Наурыз ырыс,құт-береке бастауы” атты сынып сағаты өткізілді.


Наурыз мейрамы қарсаңында 3”А” сыныпта “Наурыз ырыс,құт-береке бастауы” атты сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар Наурыз мейрамы қалай тойланатыны туралы өз ойларын айтты. Ұлттық тағам, ойындар туралы тоқталып өтілді.Сынып сағатының мақсаты:оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсаты болды.
Викторина барысында оқушылар наурыз-көже қалай дайындау керегін еске түсірді, қонақтарға ет беру ережелерін айтты. Олар өз халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін айтып, ауылымыздың тұрғындарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы қызықты естеліктерімен бөлісті."Құтты болсын әз-Наурыз" әнімен сынып сағаты аяқталды.

    
             
              
                            


Комментариев нет
Просмотров: 190
Автор: b123skobilim
Сайт: www.b123.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.03.2024 в 09:41