Меню KDT

Конференциясы


Астана қаласының Білім  басқармасы және Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 13 сәуір күні онлайн форматта «Инклюзивті білім беру – инклюзивті қоғам» тақырыбында ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Негізгі мақсат – инклюзивті процесті дамытудың негізгі стратегияларын және отандық білім берудегі инклюзияның табысты тәжірибелерін талқылау; инклюзивті процесті дамытуда ғылым, әлеуметтік және білім берудегі инклюзияның теориялық және әдіснамалық негіздерін талқылау; тәжірибе алмасу және инклюзивті білім беру мәселелерін қарастыру; мектепке дейінгі, жалпы, қосымша және кәсіптік білім беруде инклюзивті процесті дамыту тәжірибесін талдау.      

 "Заманауи инклюзивті білім берудің даму тенденциялары» секциясында №4 ПМПК дефектолог-мұғалімі Гусманова С.М. «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау» баяндамасымен қатысты.

Конференция өзекті, мазмұнды, мәнді болды. Педагог-практиктер ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.



Комментариев нет
Просмотров: 383
Автор: b4psychologmedical
Сайт: pmpk4.edu.kz
Добавлено: 14.04.2023 в 11:13