Меню KDT

10-«Б» сынып оқушысы Сардаров Эльван- дәстүрлі қалалық олимпиада жүлдегері

2023 жылы 24 қарашада С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нде Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептердегі өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында «Тіл - достықтың кепілі» атты тақырыпта мемлекеттік тілден дәстүрлі олимпиада өткізілді.


  Бұл олимпиаданың шарты бойынша қала мектептері, лицей, гимназиялардың 10-11 сыныбынан 1 оқушыдан (өзге ұлт өкілдері, қазақ ұлтынан басқа) қатысуы тиіс болғандықтан, біздің №17 мектептен ұлты азербайжан, қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылықпен қарайтын озат оқушы- Сардаров Эльван қатысты.
Эльванның мемлекеттік тілді үйреніп білуге ынтасы зор. Ол қазақ халқының салт-дәстүріне, тарихына, мәдениетіне қызығушылықпен қарайды, сабаққа үнемі дайындалып келеді. Осындай үлкен еңбектің нәтижесінде жүлделі 3 орынға ие болып мақтау қағазы мен олимпиадаға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. 

 
                                                                                      Эльван, марапатың құтты болсын!



Комментариев нет
Просмотров: 243
Автор: danial.tyulendin
Сайт: b17auezova.agartu.kz
Добавлено: 22.03.2024 в 16:44