Меню KDT

"Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты тілдер онкүндігінің ашылуы өтті


Тіл - ұлттың жаны. Ана тіліне құрмет көрсету, оны өмір бойы қастерлеп өту - әр перзенттің парызы. 5 қыркүйек мектебімізде "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты тілдер онкүндігінің ашылуы өтті. Оқушылар тілге деген құрметін өлең жолдарымен, патриоттық әндерімен жолдады. Ақын, ғалым, тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен сәйкес келіп отырған іс-шараға аудандық білім беру әдіскері Сыздыкова Жанар Айгожевна қатысып, оқушыларға өз тілегін білдірді. 22 қыркүйекке дейін білім ордасында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Белсенділік танытып, бірге атсалысайық. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін.


Комментариев нет
Просмотров: 175
Автор: b065skobilim
Сайт: www.b065.sko-bilim.kz
Добавлено: 06.09.2023 в 09:03