Меню KDT

Бірінші сыныпқа қабылдау

 Ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіледі. 


ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ! 
Ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіледі.
Яғни, 30 тамыз - құжат тапсырудың соңғы күні. 
Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз. 
 Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді).
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Бала үшін маңызды сәтте қолдау жасап, ата-ана мен ұстаздар қауымын өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға шақырамыз. Білім аламын деген әр бала назардан тыс қалмасын, олардың конституциялық құқығы қорғалсын. Мәншүк Мәметова атындағы орта мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. 
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында кез-келген азамат өздігінен ақпарат ала алады.«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу бойынша, жауапты маман көмек көрсететін болады. 
Мектептің мекен жайы: Жиенбет  ауылы.  Тлеуғабыл №11
тел: 87477629017

Теги:  жаңалық

Комментариев нет
Просмотров: 340
Автор: zhienbetshuotdel
Сайт: zhienbet.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 27.03.2024 в 16:08