Меню KDT

Ең үздік зертханалық лаборант

Сәуір айының 11 күні «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында зертханалық диагностика мамандығы бойынша  Халықаралық «Ең үздік зертханалық лаборант» атты олимпиада өтті.


Сәуір айының 11 күні «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында зертханалық диагностика мамандығы бойынша  Халықаралық «Ең үздік зертханалық лаборант» атты олимпиада өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: тест тапсырмасы және арнайы пәндер бойынша тәжірибелік дағдылар сайысы.  Олимпиадаға  Қырғызстан Республикасының Нарын және Бішкек колледждерінің үш білімгерлері  және Қазақстан Республикасының 13 медицина колледждерінің білімгерлері қатысып, өз білімдерін көрсетті.  Барлық қатысушылар Жетісу облысының білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Оның ішінен топ жарып біздің 2- лд тобыныңстуденті Октябрь Мария 2- орынды иеленді!

Жетекшілері: Копобаев А. С.

Ихласова А. Ж.


Комментариев нет
Просмотров: 139
Автор: sestrclgkaraganda
Сайт: sestrclgkaraganda.kdt.kz
Добавлено: 15.04.2024 в 11:09