Меню KDT

“Менің алғашқы сабағым” атты флешмоб

Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде “Менің алғашқы сабағым” атты флешмоб өтті. Барлық мұғалімдердің кәсіби мерекесі жақындап келеді, бұл педагогтердің рөлі мен сіңірген еңбегі, сондай - ақ олардың қоғам дамуына баға жетпес үлесін атап өтетін мейрам.

Мақсаты:
-Педагогикалық мамандықтың беделін арттыру.
-Болашақта мамандық таңдауда өзін-өзі жетілдіру және бекіту.
-Педагогикалық мамандыққа қызыгушылықты дамыту.
11 сынып оқушысы Серік Қорлан болашақта бастауыш сынып мұғалімі болғысы келетінін айтып бүгінгі флешмобқа қатысып, 3 сынып оқушыларына әдебиет пәнінен өткізді. Қорланға кәсіби бағдар беруші мұғалімі Сейдазиева Ақтоты Адырбекқызымен бірге сабақ жоспарын құрастырды, сабаққа дидактикалық материалдарды әзірледі, оқыту құралдарын анықтады. Балалардан үй жұмысын сұрап, сұрақ жауап алмасып, тапсырмалар таратты. Сабақ барысында оқушылар өздерін белсенді ұстады. Қорланға да өзінің алғашқы сабағы ұнап, мұғалім мамандығына сүйіспеншілігі арта түсті.
 
Комментариев нет
Просмотров: 7
Автор: malayaschzhandosova
Сайт: zhandosov.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 17.04.2024 в 12:19