⚜️"ДУБЛЕР КҮНІ"⚜️
Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде ұстаздар күні мерекесіне орай "Дублер күні" өтті. Яғни өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері бір күн мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерінің жұмысын атқарды.
Ең алдымен оқушыларды ұлықтау рәсімі өтіп, ұстаздар оқушыларға сәттілік тілеп, сенім білдірді. Өздері таңдап алған мұғалімдердің оброзында таңнан бастап жұмысқа кіріскен оқушылар кешке дейін қыр-сыры көп педагогикалық қызметті өн бойынан өткізді.
Сыныптарда сабақ өткізіп, оқу-тәрбие процесін бақылады. Сонымен қатар жұмыс аяқталған соң оқушылармен кездесу өткізіліп, олар алған әсерлерімен бөлісті.
Комментариев нет
Просмотров: 344