Меню KDT

«Бізді ақылды ететін —кітап дана»

«Бізді ақылды ететін —кітап дана»


«Бізді ақылды ететін —кітап дана»
⚜️⚜️⚜️"Төрт тоқсанға-төрт өнер"⚜️⚜️⚜️ ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің кітапханасында «Бізді ақылды ететін—кітап дана» тақырыбында оқушыларды кітапты сүйіп оқуға, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітаптар керуені іс—шарасы өткізілді.
🖊️«Кітаппен кеңес, білімдімен теңес» дегендей адамзатқа білімді жеткізетін кітап.
👩🏻‍🏫Мектеп кітапханашысы З.Апашева жас оқырмандарға кітапханадағы құнды шығармалармен, теңдесі жоқ кітаптармен таныстырып өтті.
📚Оқушылар кітап оқу ойымыздың дамуына, қиялымыздың ұшқыр болуына, сөздік қорымыздың артуына өзіндік зор ықпалын тигізеді деп айтып өтті. Бізді ақылды ететін кітап деп, кітаптан алған білімдерімен, кітаптағы қызықты оқиғаларымен бөлісті.
 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 10
Автор: malayaschzhandosova
Сайт: zhandosov.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 17.04.2024 в 12:30