Меню KDT

Мектепішілік байқауы.

" Жігіт сұлтаны - 2023 "


    Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, денсаулығын нығайту,сегіз қырлы бір сырлы жігіттерді жан – жақтылыққа баулу мақсатында Дене шынықтыру және АӘД пәндері бірлестігінің айлығы аясында және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен 7 – 8 сыныптар арасында "Жігіт сұлтаны" байқауы өткізілді. Байқауда оқушылар бір – бірімен бәсекелесттікте болып, өзара күш сынасты. Сонымен қатар білімділігімен сыналған жігіттер бәйгеде жүйрік болуға ұмтылды. Сайыс қорытындысы бойынша " Бас жүлдені " "Б" сынып оқушысы Әділұлы Әділет жеңіп алды. І орын иегері 7 "Ә" сынып оқушысы Аман Асылжан, 7 "А" сынып оқушысы Рахат Арман ІІ орынды иеленсе, ІІІ орын иегерлері болып 8 "Б" сынып оқушысы Тұрсынбек Нұрсұлтан және 8 "Ә" сынып оқушысы Болысбек Азамат иеленді.

Теги:  Жаңалықтар / Оқушыларға

Комментариев нет
Просмотров: 322
Автор: zhambylrmuratbaeva
Сайт: zhambylrmuratbaeva.kdt.kz
Добавлено: 14.03.2023 в 13:02