Меню KDT

Іс-шара

 

«Қош келдің, - әз Наурыз!»    мерекелік  іс-шара  ұйымдастырылып  өткізілді. 


       Шу  қаласы  «Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  орта  мектебі» КММ-де тәрбие  жұмысының  жоспарына  сәйкес,  22 наурыз  мерекесіне  орай,  2024 жылдың 20 наурыз күні «Қош келдің, - әз Наурыз!»    мерекелік  іс-шара  ұйымдастырылып  өткізілді. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін  арттыру.
          Мерекелік  іс-шарада мектеп  директоры   Джумагулова  Айгуль Серікқызы   мектеп  ұжымын   мерекемен  құттықтады. Мерекеге  барлық сыныптар қатысты. Наурыз мерекесі мектебіміздің  ауласында өткізілді. Мерекеде  Қыдыр Ата бата  беріп, Наурыз Әже шашу  шашты.Іс-шарада  ұлтттық  ойындар  ойналып,әсем әндер айтылып, көңілді   билерге  ұласты.
# 22- наурыз ұлттық  мереке
# Біртұтас_тәрбие

Теги:  жаңалық

Комментариев нет
Просмотров: 322
Автор: zhambylaltynsarina
Сайт: altynsarin.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 20.03.2024 в 14:53