Меню KDT

КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ

КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ


КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ🤝🏻
⚜️14 наурыз – Көрісу күні. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналатын бұл күн Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналады.
⚜️Көпшілік қар еріп, жер жүзі жаңарып, жаңа келбетке ене бастағанда, туған-туысын, жақындарын іздеп, сағына көрісетін болған. Бір-біріне деген өкпе-реніші болса, кешіріп, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алған.
⚜️ Үлкендер тілегін айтып, ақ батасын берген. «Жыл басы – Наурыз мерекесі құт-береке әкелсін!», «Жаңа жасың құтты болсын!», «Еліміз тыныш болсын» деп ақ тілегін айтқан.
Осы орайда Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің қызметкерлері мен оқушылар қазақ халқының құндылығын насихаттау, салт-дәстүрлерді жастар арасында кеңінен дәріптеу мақсатында салт- дәстүрге байланысты амандасып, құттықтаулар айтылып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 338
Автор: malayaschzhandosova
Сайт: zhandosov.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 23.04.2024 в 13:41