Іс-шаралар
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 17 қараша күні Мұзафар Әлімбаевтың туылғанына 100 жыл толуына орай бенефис кеші өтті. Мақсаты: Мұзафар Әлімбаев туралы білім алушылардың білімдерін кеңейту, балаларға арналған шығармалары, олардың жазылу тарихымен таныстыру. Мұрзафар Әлімбаевтың « балалар ақыны» екенін таныту. Білімділік - өмір жолы, шығармашылығынан мәліметтер беру, шығармаларының жазылуы тарихымен таныстыру,өлеңдерін жатқа айтқыза отырып, мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру, мәнерлеп оқу үлгілерін меңгерту.4 «А», 4 «Б»сынып білім алушылары Мұзафар Әлімбаевтыңөлеңдерін жатқаайтып 9 «А» сынып білім алушысы Камирдинова Дильназ «Атамекен» әнімен аяқтады. Іс-шара соңында білім алушылар марапатталды.