Меню KDT

Іс-шаралар

«Мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.


       Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде  «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық акциясының іс-шара жоспары аясында 2023 жылдың 17-қараша күні ДҚТІЖО М.М.Нурбекова, ДТІЖО А.Р.Адалбекова, мектеп инспекторы Шу АПБ-нің ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Б.С.Жайлыбеков кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, одан қалай қорғану керектігін үйрету мақсатында 5-11 сыныптардың білім алушыларымен  «Мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында   «Жасөспірімдер арасында бопсалаудың алдың алу» тақырыбында және ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша бейнеролик көрсетіліп, білім алушыларға сенім телефондарының жұмыс істейтіні, мектептің кіре беріс файесіне сенім телефондарының нөмірлері және №3 мобильдік топ жетекшісі Шу аудандық прокуратурасының прокуроры мен мектеп инспекторының байланыс орнату QR мен телефон  нөмірлері ілінгені,  балаларды мектепте қорғау 24/7 режиміндегі «Balagorgau» дербес QR-ының жұмысы туралы білім алушыларға ақпараттар берілді.

Теги:  жаңалықтар

Комментариев нет
Просмотров: 169
Автор: zhambylaltynsarina
Сайт: altynsarin.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 17.11.2023 в 16:18